Microsoft компаниясы 2025 жылдың 5 мамырынан бастап әйгілі Skype сервисінің жұмысын ресми түрде тоқтататынын хабарлады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Microsoft пайдаланушыларға Skype-тегі аккаунттары мен деректерінен айырылып қалмау үшін балама нұсқа ұсынды – олар енді Microsoft Teams платформасына өте алады. Барлық қажетті ақпаратты жаңа сервиске көшіруге болады.
Компанияның мәліметінше, Skype-тың негізгі функциялары – қоңыраулар шалу, хабарлама жіберу, файл алмасу – бүгінде Teams платформасында толық қолжетімді. Сонымен қатар Teams қосымша мүмкіндіктермен жабдықталған: күнтізбелер, қызығушылық топтары, видеокездесулер және тағы басқа.
Нарықта Zoom, Discord, WhatsApp мессенджерлері пайда болғаннан кейін Skype-тің сұранысы төмендей бастады. Тіпті қазіргі таңда Microsoft Teams ірі компаниялар мен...