Мәжіліс депутаттары жаңа Салық кодексі мен салық салу мәселелері бойынша ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. Қосылған құн салығы мөлшерлемесі 16% болып белгіленді.
Жаңа заң жобасына сәйкес, қосылған құн салығы қазіргі 12%-дан 16%-ға көтеріледі. ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі қазіргі 78,6 млн теңгеден 40 млн теңгеге дейін қысқарады. Яғни енді жылдық айналымы (таза табыс емес) 40 млн теңгеден асатын кәсіпкерлер қосылған құн салығын төлеуге міндетті болмақ. Қолданыстағы заң бойынша, жылдық қаржы айналымы тек 78,6 млн теңгедене асатын бизнесмендер ҚҚС төлейтін еді.
«Дәрілік заттар мен медициналық қызметтерге қосылған құн салығының төмендетілген мөлшерлемелері енгізіледі: 2026 жылдан бастап...