Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзінің кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ол Жаңа Зеландиялық боксшы Стивен Михайловичпен өткен жекпе-жекте нокаутпен сенімді жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуантты.
Жекпе-жек тартысқа толы болды. Алғашқы раундтарда Жәнібек техникалық шеберлігін көрсете отырып, қарсыласынан басым көрінді. Ол жойқын соққыларымен Михайловичтің қорғанысын әлсіретіп, бірнеше рет нокдаундарға түсірді. Нәтижесінде, Жәнібек қарсыласын 9 раундта нокаутқа жіберді.
Жекпе-жектен кейін Жәнібек келісі қарсыластары туралы айтты:
Ең алдымен, мені қолдауға келген барлық жанкүйерлерге рахмет айтқым келеді. Жекпе-жекке келер болсақ, мен рингке бір жыл бойы шықпадым. Бұл мен үшін керемет тәжірибе болды.
Менде қазір екі титул бар, енді тағы ек...