Жаз – фестивальдер маусымы. Ал күзде әншілер көптеп концерт беріп, жеке шығармашылық кештерін жасап, тыңдарманын қуантады. Көбі ел аралап, республиканың түкпір-түкпіріне барып, ән салып, концер қояды. Kursiv.kz алдағы аптада еліміздің әр өңірінде өтетін концерттер тізімін жасады. Өз қалаңызды тауып, концертке билет алып, күздің бір кешін ерекше әсерлі етіп өткізіңіз.
Nurbullin Tour 2024 – Нұрболат Абдуллиннің ән кеші
7 қазан, Түркістан қаласы
Жастардың да, орта буынның да сүйікті әншісіне айналған Нұрболат Абдуллин ел аралап, концерт беріп, көрермен ықыласына бөленіп жүр. 7 қазан күні әнші Түркістандағы тыңдарманымен жүздеспек. Кеште әнші өзінің ең танымал хит әндерін орындайды.
Концерт Түркістан қаласындағы Конгресс орталығы...