Танымал актер Джеки Чан Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты қарсаңында алауды алып өтеді. Бұл туралы South China Morning Post хабарлады.
Шетел басылымның мәліметінше, Джеки Чан әлемге танымал тұлға болғандықтан, оның бұл құрметті қызметті атқаруы спортқа, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандарға деген қолдауды одан әрі нығайтуға үлес қосады деп күтіліп отыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Джеки Чан өз елінің мақтанышы және оның өмірі мен мансабы адамдарға шабыт береді. Ол өз іс-әрекеттерімен, қайырымдылық шараларына қатысуымен, қоғамға көмек көрсетуімен танымал. Осыған орай, оның Паралимпиада алауын алып жүруі де ерекше мағынаға ие болмақ.
Париждегі Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатын ертең 28 тамыз...