Қазақстанда жанармай станцияларымен қатар, газ құю станцияларының саны артқан. Бір жылда газ құятын станциялардың саны 2,2 мыңнан 2,6 мыңға дейін артса, жанармай станциялары 3,1 мыңнан 3,3 мыңға артқан.
Атап айтқанда, 2023 жылы Қазақстанда 3,3 мыңнан астам жанармай құю станциялары жұмыс істеген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 5,9% артық, яғни ол жылы елде 3,1 мың станция жұмыс істеген. Станциялар көп үштікке кіретін қалалар мыналар:
Түркістан – 273 бірлік; Ақмола облысы – 262 бірлік; Жамбыл облысы – 253 бірлік.Ал газ құю станцияларының саны 17,8%-ға артқан. Газ құю станцияларының саны бойынша да Түркістан облысы көш бастап тұр. Бұл өңірде 289 бірлік...