«Қазатомөнеркәсіп» және «ТаджредМет» бірлесе отырып, уран және өзге де сирек кездесетін металдарды іздеп, өндіріп өңдейтін болады. Аталған екі компания Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға барған ресми сапары барысында тиісті меморандумға қол қойды. Бұл туралы «Қазатомөнеркәсіптің» баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазатомөнеркәсіптің» пікірінше, бұл меморандум стартегиялық серіктестікті көздейді. Екі елдің тау-кен салаларының дамуындағы маңызды қадамдардың бірі болуы мүмкін. Қазба байлықтарды өндіру және өңдеуден өзге тараптар бірлескен ғылым-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды атқармақ. Сондай-ақ инновациялық технологиялар енгізіп, кадрларды да дайындайды.
«Әзірге нақты нәтиже туралы сөз қозғауға ертерек. Біз уран саласындағы болашағы бар біріккен жобаларды қарастырып жатырмыз. Сонымен қатар сирек кездесетін металдар...