Оңтүстік Корея Қазақстан азаматтарына заңды жұмыс істеуіне рұқсат бермек. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Оңтүстік Кореяға жұмыс сапары аясында Корея Республикасы Жұмыспен қамту және еңбек министрлігінің өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанды Оңтүстік Кореядағы Employment Permit System (бұдан әрі – EPS) еңбекке рұқсат беру жүйесіне енгізу мәселелерін талқылады.
«Қазақстан мигранттардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау үшін құқықтық базаны одан әрі жақсартуға бағытталған бірқатар кешенді шаралар қабылдады. Атап айтқанда, Алматы қаласында Корея Республикасында жұмыс істегісі келетін Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіптік...