NextChem технология және инжиниринг компаниясы қазақстандық «ҚазМұнайГаз» мемлекеттік мұнай-газ компаниясының еншілес ұйымы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-мен СО2 алу арқылы таза авиациялық отын мен төмен көміртекті сутегін өндіру туралы келісім жасасты.
«Энергетика саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі ретінде Қазақстан біз үшін стратегиялық және бағалы серіктес. Шын мәнінде, ел ресурстарының біздің топтың технологиясы мен инженерлік ноу-хауымен үйлесуі тұрақты және төмен көміртекті экономикаға жаһандық көшуді ілгерілетудің бірегей мүмкіндігі. Біз осы жолмен бірге жүруге дайынбыз», – деп мәлімдеді Maire бас директоры Алессандро Бернини.
Миланда өтіп жатқан Қазақстан-Италия келіссөздері аясында өзара түсіністік туралы меморандумға KMG Aero бас директоры Ильдар Шамсутдинов пен MAIRE...