Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданындағы мектепте «Томирис патшайымды» ерекше құрметпен күтіп алған видеодан кейін, арнайы тексеру жүргізілген еді. Аудан әкімінің орынбасары мен мектеп директоры қызметінен кетті деп хабарлайды әкімдік.
Әкімдіктің мәліметінше, Тереңөзек ауылында Жамбыл атындағы мектеп ұжымының қатысуымен болған іс-шара бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті арнайы тексеру жүргізген.
Т. Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Ә.Терлікбаев, Жамбыл атындағы мектеп директоры Э.Зәкімбаева өз өтініштері бойынша қызметінен босатылды. Рысқұлов ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы мен Тереңөзек ауылдық округі әкіміне «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды», – делінген Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдіг...