Бір ай бойы өзін банк қызметкері, құқық қорғау органының маманы ретінде таныстырып, халықтың 19 млн теңгесін жымқырып үлгерген ресейлік азамат ұсталды. Интернет-алаяқ ретінде күдікке ілінген азамат Қырғызстанға өтпек болып тұрғанда шекара бекетінде қолға түсті.
«18 шілдеде Тараз қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері қаланың 3 сенімді азаматтарын интернет байланысы арқылы алдаған Ресей Федерациясының «Р» есімді азаматын ұстады», – деп хабарлады Жамбыл облысының прокуратурасы.
Жоғарыда аталған азамат осы жылдың сәуір-мамыр айларында өз сыбайластарымен бірге азаматтардың сеніміне кіріп, әртүрлі нөмірлерден қоңырау шалған. Жеңіл жолмен арам ақша тапқысы келетіндер түрлі құйтырқы іс-әрекетке барады. Олар өздерін «екінш...