Оқу-ағарту министрлігі 500 мыңнан астам баланы мектепке дайындау үшін ата-аналарға 43 307 теңгеден таратып беретін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтты.
Оның айтуынша, 2024 жылы «Жалпыға бірдей білім беру» қоры 500 мыңнан астам балаға көмек көрсетеді. Олардың қатарында АӘК алатын отбасылардағы мектеп оқушылары мен жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары, сондай-ақ жетім балалар мен төтенше жағдайға тап болған отбасылардың балалары бар.
«Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың есепшоттарына қаражат аудару арқылы көмек көрсету тетігін жетілдіру шараларын қабылдады. Бұл ата-аналар мен балаларға киім-кешек пен мектеп...