Қаржы министрлігі банктер мен МҚҰ-лардағы стрестік активтерді экономикалық айналымға тарту тетігін ұсынды.
Стрестік активтер – негізінен екінші деңгейлі банктер балансындағы, проблемалық несиелер қорындағы және стрестік активтерді басқару ұйымдарындағы жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, өндірістік объектілер мен жабдықтар түріндегі проблемалық несие мен өндіріп алынған мүліктер. Қазақстанда бұл активтердің жалпы құны 3-3,5 трлн теңгенің аралығында.
Ведомство оларды айналымға қосу үшін e-Qazyna.kz платформасындағы Talaptar жаңа сервисін пайдалануды ұсынып отыр.
«Мұнда 10 жылдан бері жекешелендіру шеңберінде республикалық және коммуналды меншік, холдингтер мен банкроттардың активтері саудаланып келеді», – деп хабарлады министрлік.
Сонымен қатар осы платформада байланыс операторлары арасында...