Алдағы бірнеше күнде Алматыда ауа сапасы күрт нашарлап, ауада зиянды заттардың көрсеткіші көтеріле түседі деп күтілуде. Бұл жайлы «Қазгидромет» хабарлады.
«16 қыркүйек күні және 17 қыркүйекте түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейінің жоғарылауы күтілуде», – делінген «Қазгидромет» болжамында.
Қаланың ауа райы алдағы бірнеше күнде бірқалыпты әрі жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Күндіз 21-23 градус жылы болса, түнде сынап бағаны +8 немесе +10 градусқа дейін төмендейді.
Ал Астанада керісінше ауа сапасы жақсара түспек. «Қазгидромет» болжамынша 16 қыркүйекте метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың таралуына ықпал...