Үстірт мемлекеттік табиғи қорығындағы жасырын фото камераға сирек кездесетін барыс түрі түсіп қалған
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығындағы жасырын фото камераға сирек кездесетін барыс түрі түсіп қалды. Бұл жайлы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады.
Алабарыс – халықаралық табиғатты қорғау одағының критерийлері бойынша жойылып кетудің аз алдында тұр. Бұл жыртқышты ғалымдар 2021 жылы Қазақстан Республикасының Сирек және жойылып кету қаупі бар түрлер тізіміне кіргізген. Сонымен бірге бұл жануар Қазақстанның Қызыл кітабына да енгізілген.
Бұл жыртқыштың басқа қабыландар мен барыстардан айырмашылығы оның терісінің түсі тіршілік ететін аймаққа сай өзгеріп отырады. Алабарыстардың ерекшелігі түсінде. Олардың терісі ашықтау күңгірт түске ие. Осылайша жыртқыш өзі тіршілік ететін аймаққа...