2030 жылға қарай Қазақстанда сұйытылған мұнай газының тапшылығы болмайды. Энергетика министрлігі өнімді сол кезде бір-ақ тауарлық биржаға шығаруды ұсынып отыр. Бұл жайлы Мәжілісте өткен жиында талқыланды.
Мәжілісте кейбір заңнамалық актілерге тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты заң жобасы талқыланды.
Заң жобасында тауар биржаларын шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерден алып тастау көзделген. Одан бөлек заңда мынадай мәселелер қамтылады:
стандартты аукционды және стандартталмаған тауарларды биржалық саудадан шығару; стандартталмаған тауарлармен сауданы электрондық сауда алаңдарына ауыстыру; тауар биржалары жұмысының қаржылық тұрақтылығы мен ашықтығына қойылатын талаптарды арттыру; биржалық сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылардың тізілімін енгізу; брокерлер мен клирингтік орталықтарды...