Қазақстанның сыртқы тауар айналымы биыл қаңтар-ақпан айларында 19 млрд доллар болды. Бұл 2024 жылдың алғашқы екі айындағы көрсеткіштен 7,8%-ға аз. Экспорт 12,4%-ға, ал импорт 1,1%-ға азайды.
Мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады.
Экспорт
Қазақстан екі айда өз өнімдерін негізінен мына елдерге экспорттады:
Италия – 2,87 млрд доллар немесе бүкіл экспорттың 26,7%; Қытай – 1,6 млрд доллар немесе 15%; Ресей – 1 млрд доллар немесе 9,5%; Нидерланд – 563,7 млн доллар немесе 5,2%; Түркия – 551,3 млрд доллар немесе 5,1%.2024 жылдың осы кезеңімен салыстырар болсақ, Ресейге тауар шығару 317 млн (-23,7%), Қытайға – 624,8 млн (-27,8%), Түркия – 40,5 млн...