2024 жылдың қыркүйек айының басында Ресейде 6,2 миллион мигрант тіркелген. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 8,5 миллион адамды құрады. DW басылымы осыған байланысты ақпарат жариялады.
РФ ІІМ көші-қон мәселелері жөніндегі бас басқармасының мәліметі бойынша соңғы бір жылда 2 миллионнан астам шетелдік азамат Ресейден кеткен. Қазіргі уақытта елде 6,17 миллион шетел азаматы тіркелген.
«2024 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша көші-қонды тіркеу бойынша мемлекеттік ақпараттық жүйесінде Ресейде жүрген шетел азаматтарының саны 6 174 777 адамды құрады», – деп хабарлады министрлік.
2023 жылы Ресей Федерациясында 8,5 миллионнан астам адам миграция есебіне алынған деп хабарлады маусым айының соңында...