Ресей полиция тарапынан моншада қорлық көрген қырғыздарға қатысты пікір білдірді. Ресей мұны «жоспарлы тексеріс» деп атады.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, тексерілген шетелдіктердің жартысына жуығы Ресей Федерациясында заңсыз жүрген.
Бір елге қарсы бағытталмаған
«Мәскеудің Тимирязев ауданындағы қоғамдық орындарда, соның ішінде «Бодрость» монша кешенінде жүргізілген жоспарлы тексеріс қандай да бір елдің азаматтарына қарсы бағытталмаған», – деп мәлімдеді Ресейдің Сыртқы істер министрлігі.
Ведомство мәліметінше, 10 сәуірде Ресей құқық қорғау органдары Мәскеу қаласындағы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Тимирязев ауданында орналасқан қоғамдық орындарда («Бодрость» монша кешені және басқалар) жоспарлы тексеру жүргізіпті.