15-28 тамыз аралығында Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Құрманғазы» өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Көрсетілген кезеңде аумақта жол төсемін жөндеу жоспарланған. Осы мән-жайды ескеруді және қозғалыс бағдарын алдын ала түзетуді сұраймыз», – делінген хабарламада.
Басқа пунктер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілмеген.
Еске сала кетсек, 29 шілде мен 3 тамыз аралығында Ресейдің «Маштаково» бекетіндегі жол төсемін жөндеу жұмыстары жүргізілді.
7 шілдеде бұл бекетте жүк көліктерінің кептелісі пайда болды. Ол кезде 200-ге жуық жүк көлігінің шекарадан өтуі ұзаққа созылып кетті. ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің БҚО...