Мейрамхана, дәмхана және басқа да қоғамдық демалыс орындарында депозиттерге тыйым салынады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесуде айтты.
Министрдің айтуынша, депозит алу бұрыннан заңсыз. Сондай-ақ Азаматтық кодекске сәйкес, мейрамханаға келушілер үшін кіру тегін болуы керек.
«Келушілерге қызмет көрсеткені үшін заңсыз ақы алуды болдырмау мақсатында Ішкі сауда ережесіне өзгерістер енгізілді. Енді мейрамханалар қызмет көрсету ақысын тек мәзірде көрсетілген жағдайда ғана ала алады. Сондай-ақ «депозиттік жүйеге» тыйым салатын ережелер де енгізілді. Мейрамханаға келетін меймандар үшін кіру тегін болуы керек. Алайда қосымша қызметтерге, мысалы, VIP-кабина, караоке-кабина үшін ақы алуға...