Қазақстандағы қос ипотекалық ұйым 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында 26,8 млрд теңге таза пайда тапқан. Ұлттық банк мәліметінше, ипотекалық компаниялардың таза пайдасы бір айдың ішінде 46% өсіп, 18,3 млрд теңгеден 26,8 млрд теңгеге жеткен.
Қазақстанда екі ипотекалық ұйым тіркелген: «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ мен «Экспресс Финанс» Ипотекалық ұйымы» АҚ. 27 млрд теңгеге жетеғабыл таза пайданың 26,4 млрд теңгесі – «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясына» тиесілі. Ал «Экспресс Финанс» ұйымы жыл басынан бері 402 млн теңге пайда тапқан.
1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының» активтері 1,6 трлн теңгеге жетті. Ал міндеттемелері 1,3 трлн теңгені құрайды. Меншікті капиталы...