АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайға салықты көтергісі келмейтінін, екі ел арасындағы сауда тоқтағанын қаламайтынын мәлімдеді.
17 сәуір күні Ақ үйде журналистер алдында сөйлеген Трамп Қытай басшысы Си Цзиньпин келіссөз бастауға талпынғанды деп айтты. Алайда ол Симен тікелей байланысқа шыққан-шықпағаны туралы сауалдардан қайта-қайта жалтарды деп жазды Bloomberg.
«Менің президент Симен қарым-қатынасым жақсы. Солай бола береді де. Олар бірнеше мәрте байланысты шыққанын айта алам», – дейді Трамп.
Әлемнің екі ірі экономикасы – АҚШ пен Қытай кейінгі бірнеше айда бір-біріне баж салығын көтерумен келді. Трамп қытай тауарларына баж салығын 145%-ға дейін өсірсе, Бейжің АҚШ тауарларына...