Қыркүйектен бастап «Сақ стилі» жаңа сериясымен шыққан номиналы 10 000 теңгелік банкнотаның жаппай айналымға шығатынын хабарлады.
Бұл номиналдаға жаңа банкноталар 2024 жылғы 28 маусымнан бастап айналымға енгізілген болатын. Бірақ жаппай айналымға әлі шықпаған еді.
«10 000 теңгелік жаңа банкноталар жаппай айналымға 2024 жылдың шамамен қыркүйек айынан бастап түсе бастайды. Себебі еліміздің барлық өңіріне жеткізу және жабдықтарды (банкоматтар, терминалдар және басқа да кассалық техникалар) бейімдеу белгілі бір уақытты қажет етеді», – делінген банк хабарламасында.
Сондай-ақ ҚҰБ жаңа дизайндағы 10 000 теңгелік банкнотаның негізгі қорғаныш элементтері жайлы нұсқаулық шығарған. Бұл нұсқаулық азаматтарға шынайы...