Қазақстанның туризм саласындағы көрсеткіші соңғы төрт жылда төмендеп кеткен. Әлемдегі көрсеткіштен 3 есеге артта қалып отыр. Тұрақты туризм индустриясы да бір жолға қойылмай келеді. Қазақстанның жетекші туристік операторларының қатысуымен өткен пікірталаста мамандар осындай дерек келтіріп, мәселе көтерді.
Астанада өткен fishbowl пікірталасында жиналғандар отандық туристік инфрақұрылымды жақсарту, инвестиция тарту, табиғи мұраларды сақтап қалу сияқты мәселелерді қозғады. Мамандар туризм саласы әлі де ақсап тұрғанын жасырмады.
Қазақстан тұрақты туризмін әлі бастамады…
Еуразиялық туристік қауымдастықтың президенті Рысты Қарабаеваның сөзінше, Қазақстан әлі тұрақты туризм жолына түскен жоқ. Тіпті ішкі туризм де көңіл көншітпейтінін айтады. Туристер туралы статистикалық мәліметтерде кейде нақтылық болмай жататын да атап...