Режиссер Асқар Кучинчирековтің «Бауырына салу» фильмі Қазақстан атынан америкалық киноакадемияның «Оскар» жүлдесіне ұсынылады. Мұндай шешімді Қазақстан Кинематографистер одағы жанындағы Оскар комитеті қабылдаған.
Кучинчирековтің фильмі осыған дейін Қазақстан кинематографистер альянсы мүшелерінің дауыс беруімен «Тұлпар» ұлттық сыйлығын ұтып алған. Фильмнің осы сыйлығы оған «Оскарға» жолдама алуға септігін тигізген.
«Бауырына салу» фильмі «Оскардың» «Шет тілдегі үздік фильм» номинациясына ұсынылатын болады.
Айта кетейік, Америка киноакадемиясының дауыс беруі үш кезеңнен тұрады. Әр санаттағы үміткерлер 2025 жылдың ақпан айында белгілі болады. Жеңімпаздар 2025 жылдың 2 наурызында Лос-Анджелесте өтетін салтанатты марапаттау рәсімінде жарияланады.
«Бауырына салу» – қазақ халқының ежелгі дәстүрлерінің бірі. Түпкі мақсаты – алыс-жақын туысының жас...