Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы – бұл мемлекет тарапынан шығарылатын бағалы қағаздармен (облигациялар, вексельдер, қазынашылық міндеттемелер) сауда-саттық жүргізілетін нарық. Мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) елдің ішкі және сыртқы қарызын басқару мақсатында шығарылады және бюджет тапшылығын жабуға, мемлекеттік жобаларды қаржыландыруға арналған.
Елімізде МБҚ нарығы жылдан-жылға дамып келе жатыр деп айтуға болады. Қор биржаларында екінші нарық ретінде сауда-саттықтың көп болуы, МБҚ нарығына қаржы институттары мен жеке тұлғалардың белсенді қатысуынан байқауға болады.
МБҚ сенімді актив, себебі оларды мемлекет шығарып, қайтаруға кепілдік береді. Қауіпсіздік деңгейі жоғары болғандықтан, басқа қаржы құралдарымен салыстырғанда табыстылығы әдеттегідей төмендеу болады. МБҚ мерзімділігі қысқамерзімді (1 жылдан кем) және ұзақмерзімді (10-15 жылға дейін...