Ұлттық электр жүйесінің операторы – KEGOC компаниясы акционерлеріне 2024 жылдың І жартыжылдығы үшін 22,7 млрд теңге төлеуді жоспарлап отыр. Бұл – компанияның 6 айғы табысының 64 пайызы. Яғни бір жай акцияға 82,40 теңге дивиденд төленбек.
Компания қаржы есебі мен дивиденд көлемін акционерлер 11 қазанда өтетін жалпы жиналыста бекітеді.
«Акционерлердің жалпы жиналысында оң шешім қабылданған жағдайда, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында KEGOC акционерлеріне 22,7 млрд теңге сомасында таза пайданың 64,5%-ы бөлінетін болады, яғни бұл бір жай акцияға 82,40 теңгені құрайды», – делінген хабарламада.
Ұлттық оператордың аудиттелген қаржы есебіне сәйкес, 2024 жылдың алты айында KEGOC таза кіріс...