Автокөліктерге салынатын салық көлемі төмендейді. Атап айтқанда, 10 жылдан асқан автокөліктер үшін салық сомасы 30%-ға, 20 жылдан асқан автокөліктер үшін – 50%-ға төмендейді. Бұл жайлы Мәжілісте Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин айтты.
Ұлттық экономика вице-министрі жаңа Салық кодексінің жобасын таныстырды. Министрлік өкілі президент тапсырмасынан кейін кодекстің қандай өзгерістерге ұшырағанын түсіндірді.
«Жаңа Салық кодексінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан босату жөніндегі норма көзделген. Сондай-ақ қолдануы 10 жылдан асқан автомобильдер үшін салық сомасы 30%-ға, 20 жылдан асқан автомобильдер үшін – 50%-ға төмендетілетін болады», – деді министрлік өкілі.
Сонымен бірге бұрыннан талқыланып келе жатқан...