Әлеуметтік желілерде қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінде екі оқушы терезеден құлап, қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді. Алматы қаласының полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
Куәгерлер тұрғын үй маңындағы асфальттан мектеп оқушыларының денесін тауып, төтенше жағдайлар қызметіне хабарлады. Жедел жәрдем дәрігерлері мен полиция қызметкерлері оқиға орнына келді.
Алматының полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
«Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда», – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін 2023 жылы елімізде 1093 бала ауыр жарақат алса, биыл 7 ай ішінде...