Бүгін, 11 қыркүйекте, Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Түрікменстанның Мемлекеттік министрі – «Түркіменгаз» мемлекеттік концернінің төрағасы Мақсат Бабаевпен кездесті. Қос министр екі ел арасында газ саласындағы ынтымақтастық пен бірлескен жобаларға қатысу мүмкіндіктерін талқылаған. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Энергетика министрлігінің басшысы А.Сәтқалиев бірлескен
күш-жігердің арқасында елдер өзара тиімді ынтымақтастықты стратегиялық әріптестіктің жаңа деңгейіне шығара алатынына сенім білдірді. Тараптар келіссөздер қорытындысы бойынша елдердің газ саласындағы ынтымақтастығын нығайту мақсатында Түрікменгаз бен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі арасында Ниет туралы меморандумға қол қойды», – делінген хабарламада.
Мақсат Бабаев былтыр ақпан айында «Түркіменгаз» төрағасының орынбасары, ал мамыр айында Түркіменстанның Мемлекеттік...