Көзді ашып-жұмғанша, тамыз айының бел ортасы келіп қалды. Бірі бұл уақытта бірнеше рет демалысқа шығып, күнге де күйіп үлгерсе, енді біреулер жұмыс пен тірліктен бас ала алмай, жаз бітуге таяғанын білмей де қалды. Алайда әлі де кеш емес. Kursiv Media күзгі маусымға жаңа күшпен қадам басу үшін жаз аяқталғанша, не істеп үлгеру қажет екенін тізіп шықты.
Табиғат аясындағы демалыс
Жаз мезгілі – табиғат аясына шығып, энергия жинау үшін таптырмас кезең. Мүмкіндігіңіз болса, жаздыгүні ерте тұрып, тауға, болмаса орманға аттаныңыз. Тіпті қаладан түс ауғанда шығып, күн батқанын таудан тамашаласаңыз да болады. Жаз – тауда қону үшін керемет мезгіл. Сондықтан жаз біткенше...