Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Абайұлы Қапеновке іздеу жариялады. Құқықтық статистика және арнайы есеп порталында іздеу картасы осыны көрсетіп отыр.
Азамат Қапенов Ресейдің құқық қорғау органдарының да назарына іліккен. Десе де екі елдің құзырлы органдары оған тағылған айыптарды ашық көрсетпеген.
Құзырлы орган «Азия Авто» ісімен байланысты іздеу жариялауы мүмкін деген болжам бар. Өйткені осы іске қатысты бір емес, бірнеше адам Мәсімов пен оның күйеу баласының үстінен арыз түсіріп отыр.
Серік Хасенов деген азамат аталған қайыната мен күйеу баланың әрекетінен зардап шеккенін айтқан. Кәсіпкер Анатолий Балушкин «бизнесінің 50 пайызын қысым жасағандықтан, Мәсімовке...