Еуропалық Одақ елдерінің басшылары Грузияның одаққа кіру процесін іс жүзінде тоқтатты. Басты себеп елде қабылданған «шетелдік агенттер» туралы заң.
DW басылымының ақпаратына сүйенсек, «шетелдік агенттер» туралы заңды қабылдау арқылы Грузия Еуроодаққа кіруге үміткер мәртебесінен айырылды. Шешімді 27 маусымда Брюссельдегі саммит қорытындысы бойынша Еурокомиссия өкілдері қабылдады.
«Грузияның ЕО-ға баратын жолына қауіп төндіретін және іс жүзінде кіру процесін тоқтатуға әкелетін әрекетті тоқтату қажет», – делінген комиссия қабылдаған құжатта.
Грузия 2023 жылдың желтоқсанында Еуропалық Одаққа кіруге үміткер ел мәртебесін алған. 23 маусымда Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Джозеп Боррел Еуроодақ бұл мәртебен...