Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ш. есімді азаматты адам саудасы үшін 400 мың теңге алу барысында ұстады. Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасы хабарлады.
Прокуратура мәліметіне сүйінсек, «Ш. есімді азамат соңғы 2 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі екі азаматты қайыршылық жасауға мәжбүрлеп, оларды Шымкент қаласында сату кезінде ұсталып, қамауға алынды», – деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар тағы 10 азаматтың адам саудасына қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда биыл алғаш рет адам саудасымен күрес туралы заң қабылданды.
Атап айтқанда, Қылмыстық кодекске «адам саудасына байланысты қылмыстар» деген...