2025 жылғы 22 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамптың инаугурациясына қатысқан миллиардерлер содан бері 209 млрд доллардан айрылды. Олардың арасында Маск, Безос, Брин, Цукерберг, Арно секілді әлемнің ең дәулетті адамдары бар.
Құрама Штаттардың жаңа басшысын ұлықтау салтанатына қатысқан ауқаттылар бір жарым айдың ішінде қанша байлығынан айрылғанын Bloomberg есептеп шықты.
Агенттік мәліметінше, инаугурацияда бой көрсеткен миллиардерлерге тиесілі компаниялар 17 қаңтардан бері жалпы көлемі 1,39 триллион доллар жоғалтқан. Миллиардерлердің жеке дәулеті де әжептәуір азайып қалды.
Илон Маск (- 148 млрд доллар)
Tesla-ның 53 жастағы бас директорының дәулеті 2024 жылғы 17 желтоқсанда 486 миллиард доллар болған. Мұндай байлықты адамзат тарихында ешкім...