7 наурызда Алматыда KazChess/Қазақстан шахмат федерациясы (КШФ) мен Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) қолдауымен Qazaq Queens Chess Fest 2025 атты әйелдер арасындағы блиц-турнир өтті.
Турнирдің ашылу салтанатында FIDE президенті Аркадий Дворкович символикалық алғашқы жүріс жасады.
Қазақстандық шахматшы әйелдердің тарихи жетістіктері
2024 жыл Қазақстан шахмат тарихындағы ең табысты жылдардың бірі болды. Біздің жасөспірімдер, ересектер, ардагерлер мен әуесқойлар халықаралық ресми турнирлерде рекордтық 160 медаль жеңіп алды – оның ішінде 55 алтын, 54 күміс және 51 қола.
Әсіресе, әйелдер құрамасының жетістіктері ерекше мақтауға лайық. Будапеште өткен 45-ші шахмат олимпиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.
KazChess/КШФ бірінші вице-президенті Дармен Сәдуақасов...