«Қашаған» кен орнында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Каспий құбыр консорциумы хабарлады.
NCOC Атыраудағы кеңсесінде Консорциум өкілдері NCOC басқарушы директоры Джанкарло Руюмен кездесті.
«Тараптар «Қашаған» кен орнынан жүк жөнелтушілердің мұнайды кен орнындағы алдағы жөндеу жұмыстары аясында және оны жүзеге асыру барысында жеткізу, сондай-ақ өтінімдерге сәйкес ағымдағы және болашақтағы мұнай жеткізілімдерін жүзеге асыру мәселелерін талқылады», – деп хабарлады КҚК.
«Қашағанда» жөндеу жұмыстары қазан-қараша айларына жоспарланған. Бұл ретте Атырауға Каспий құбыр консорциумының делегациясы мұнай жеткізу мәселесін талқылау үшін келді.
«Сондай-ақ Қазақстанның энергетикалық ресурстарын КҚК мұнай құбыры арқылы экспорттық нарықтарға тасымалдау...