Көз алдыңызға мына көріністі елестетіп көріңізші: әуежайға барарда билет, төлқұжат, жүк жайлы ойлап бас қатырмайсыз. Керектің бәрі смартфоныңызда, клаудта тұр. Түрді танитын жүйе кірген бетте танып қояды, шабаданыңыз ұшаққа өзі бара береді. Ал жеке көмекшіңіз —жасанды интеллект болса, қай жерге баратыныңызды, не істейтініңізді жоспарлап қойған. Бұл неткен таңғажайып демеңіз. Мұның бәрі — саяхат әлеміне технологиялар енгелі болып жатқан өзгеріс. Олай болса, қазір жұмыс істеп тұрған технологиялар мен болашақта іске қосу үшін сыналып жатқан технологияларға шолу жасайық.
Жасанды интеллект: қалауыңызға қарай маршрут сызып береді, жеке көмекшіңіз болады.
Жасанды интеллект қазірдің өзінде саяхатта сізге көп көмектеседі. Google Travel немесе TripIt...