Үкімет Түркістан облысындағы «Сарыағаш» шипажайын 2021-2025 жылдарға арналған жекеменшікке беру жоспарына қосқан. Бұл туралы Сенат депутаттарының премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында жазылған.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылы 29 желтоқсандағы
№ 908 қаулысымен бекітілген «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына» сәйкес, шипажай бәсекелестік ортаға беруге ұсынылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген», – делінген депутаттар сауалында.
Депутаттар шипажайдың кешенді жоспарға енуіне жергілікті халықтың алаңдап отырғанын айтқан. Себебі шипажай жекеменшікке берілсе, онда жұмыс істеп жүрген жұмысшылар қысқарып қалуы мүмкін.
«Жекешелендірілген шипажай өзінің аумағын қоршауға алып, күзет қойып, демалушылардың емін-еркін серуендеуіне, тыныс-тіршілігіне үлкен кедергілер келтіреді. Жолдама...