3 тамызда қазақстандық абитуриенттер үшін жоғарғы оқу орындарына арналған мемлекеттік гранттар тізімі жария болды. Тізімді Ғылым және жоғары білім министрлігі жария етті.
Гранттар тізімін келесі ресурстардан көруге болады:
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ресурстары: сайт, телеграмм, Facebook, Instagram.
Ұлттық тестілеу орталығының ресми парақшалары: телеграмм, Facebook, Instagram.
«Талапкерлердің басым бөлігінің таңдауы «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарындағы мамандықтарға түсті», – дейді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін барлығы 78 219 грант бөлінді. Оны...