2,5 мыңға жуық қазақстандық Eolus қаржы пирамидасына критовалюта ретінде 250 млн теңге салып жіберген. Қаржы мониторинг агенттігі шетелден осы қаржыны қайтарды. Агенттіктің хабарлауынша, салынған қаржының қайтарылуы – ТМД елдері арасындағы алғашқы жайт.
Әлемде мұндай нәтижеге бірнеше ел ғана қол жеткізген көрінеді. Пирамиданы ұйымдастырушының мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Агенттік заманауи IT-құралдарды пайдалана отырып, 2,5 ай ішінде қазақстандықтардың қаражатын криптовалютаға тартқан «Eolus» жоғары технологиялық қаржы пирамидасын жойды», – делінген ҚМА хабарламасында.
Аталмыш қаржы пирамидасына Алматы, Астана, Шымкент, Павлодар, Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Орал, Көкшетау, Жетісу, Түркістан облысының 2,5 мыңға жуық тұрғыны ақша салған.