Қытайлық CNPC пен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясына тиесілі «Маңғыстаумұнайгаз» өз акционеріне жалпы 34,6 млрд теңге дивиденд төлеген. Соның ішінде 34,2 млрд теңгесі – қарапайым акциялары бойынша төленсе, артықшылығы бар акциялар үшін 357 млн теңге аударылды.
Акционерлік қоғамның 107,8 млн дана KZ0009093696 (MMGZ) қарапайым акциясы айналымда жүр. kz0009089736 (MMGZp) тикерімен сатылатын артықшылығы бар акциясының саны – 1 млн.
Мұнай кәсіпорнының қарапайым акцияларының 99 пайызы – Mangistau Investments B.V компаниясының меншігінде. Сонымен қатар компания биржаға орналастырылған артықшылығы бар акциялардың 5 395 данасына иелік етеді. Ал Mangistau Investments B.V – Қытай ұлттық мұнай компаниясы `(CNPC) мен «ҚазМұнайГаз» ҰК-ның еншілес компаниясы. Олардың әрқайсысына...