Украина 2020–2024 жылдар аралығында қару-жарақ импорты бойынша әлемде бірінші орынға ие болды. АҚШ өз үлесін жаһандық қару-жарақ экспортында 43%-ға дейін ұлғайтса, Ресей экспорты 64%-ға төмендеген.
Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI) мәліметінше, АҚШ-тың әлемдік қару-жарақ нарығындағы үстемдігі артып келеді, ал Ресейдің экспорты керісінше құлдырап барады.
2020–2024 жылдар аралығында Ресей 33 елге негізгі қару-жарақ түрлерін жеткізген. Оның үштен екі бөлігі 3 мемлекетке тиесілі болды: Үндістан (38%), Қытай (17%) және Қазақстан (11%).
Сарапшылардың айтуынша, бұл құлдырау Ресейдің 2022 жылғы ақпанда Украинаға толыққанды басып кіруінен бұрын басталған.
«Украинаға қарсы соғыс Ресейдің қару-жарақ экспортындағы құлдырауды одан әрі тездетті, өйткен...