Алматыдағы BRT жобасының құрылысы 2024 жылы басталады. Алматы қалалық мәслихатының сессиясында қалалық мобильдік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев осылай деп мәлімдеді.
«Биыл біз Алматы қаласының қоғамдық көлік және жылдамдығы жоғары қоғамдық көлік жүретін жол бөлігін барынша жақсарттық. Оның негізінде осы жылы Райымбек даңғылының бойында BRT құрылысын бастаймыз – бұл бірінші учаске болады», – деді Телібаев.
Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде Райымбек даңғылы бойындағы BRT-ның бірінші учаскесінің құрылыс жобасы мемлекеттік сараптамадан өткенін айтқан болатын. Сол уақытта тұрғындар бұл жобаның неліктен дәл осы жерде жүзеге асырылып жатқаны жайлы сұрағанда, Досаев Райымбек даңғылындағы қоғамдық көлік тиімсіз екенін...