Қаржы министрлігі даму жобаларына республикалық бюджеттен нысаналы трансферт бөлу кезінде жергілікті бюджеттен қоса қаржыландырудың ең төменгі шегін арттыруды ұсынады. «Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы» қаулыға енгізілетін өзгерістің қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған.
Егер бұрын әкімдіктер әрбір жаңа жергілікті инвестициялық жобаға кемінде 10 пайыз қаржы (Астана – 3 пайыздан кем емес) бөлуі керек болса, енді бірыңғай норма – кем дегенде 20 пайыз деп белгіленбек.
«Іске асырылуына қаражат республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері түрінде бөлінетін жергілікті бюджеттік инвестицияларды қаржыландыру көлемі барлық сала бойынша әрбір жаңа жергілікті инвестициялық жоба қатысты жоспарлы...