18 шілдеден бастап қазақстандық кинотеатрлардың экранына Асхат Кучинчерековтің «Бауырына салу» фильмі шықты. Бұл көпшілікке режиссер Сергей Дворцевойдың «Қызғалдақ» (Тюльпан) фильмінде басты рөлді ойнап, актер ретінде танылған Кучинчерековтің алғашқы толықметражды фильмі. Он жыл бұрын кішкене баланың арманы туралы «Бензин бітті» қысқа метрлі фильмімен әлемдік кинофестивальдерде режиссер ретінде дебют жасаған. «Курсив» автордың тағы бір баланың арманы жайлы жаңа туындысын көріп, мән-мағынасына үңілді.
«Бауырына салу» – қазақ халқының ежелгі дәстүрлерінің бірі. Түпкі мақсаты – алыс-жақын туысының жас сәбиін бала сүйе алмай жүрген келіншектің бауырына салу. Ана сүтіне жарып үлгермеген сәбиді туысының «бауырынан өткізіп», омырауын ағытып, жағасынан салынған баланы етегінен шығарып алады. Осы сәттен...