Ішкі істер министрлігі қылмыстық топ құрып, «Qarmet» акционерлік қоғамынан аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікпен екі адамның іздестіріліп жатқанын хабарлады.
«Ішкі істер министрлігі «Qarmet» АҚ-дан ұрлық жасады деген күдікпен аса ірі мөлшерде қылмыстық топпен жасалған алаяқтық фактісі бойынша тіркелген қылмыстық іс бойынша 2 азаматы іздестіруде»,- делінген баспасөз хабарламасында.
Іздестіріліп жатқандардың бірі Абай облысының тумасы. Аты-жөні – Ахметжанов Мирас Қалымбекұлы. 1987 жылы дүниеге келген азамат бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған.
Екіншісі – Чижевский Андрей Александрович. 1987 жылы туған, Қостанай облысының тумасы. Екеуін де бұлтартпау шарасы бойынша «қамауда ұстау» туралы бұйрық шыққан...