Досаев әкімдіктің не себепті 20 млн теңгенің қызметін 70 млн теңгеге сатып алмақ болғанын түсіндірді
Ерболат Досаев Алматы әкімдігінің Білім басқармасының 20 млн теңгелік асхана жабдықтарын не себепті 70 млн теңгеге сатып алмақ болғанын түсіндірді. Қала басшысы әкімдіктің сапаға мән беретінін айтады.
Түсіндіре кетсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Алматы әкімдігінің мемлекеттік сатып алуларына тексеріс жүргізіп, осының нәтижесінде қызметтер мен тауарларға бағаларды тым көтеріп қойғанын анықтаған. Алматы қаласының Білім басқармасы қаладағы 25 мектеп үшін 1,9 млрд теңгеге ас үй жабдықтарын жаңғыртуды жоспарлаған. Басқарма бұл қаражатқа нарықтық құны 20 млн теңгені құрайтын жаңғырту қызметін 70-79 млн теңгеге сатып алмақ болған. Алайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымынан кейін, 23 мектеп бойынша сатып алу тоқтатылған...