Freedom Holding Corp. («FRHC») қарапайым акциялары Astana International Exchange (AIX) биржасының ресми тізіміне енді. Бұл туралы AIX-тің баспасөз қызметі хабарлайды.
Холдинг акциялары (ISIN: US3563901046) «FRHC» тикерімен саудаланады. Бағасы АҚШ долларымен белгіленіп, доллармен саудаланады. Қарапайым акциялар Nasdaq Capital Market пен AIX арасында толығымен өзара алмасады.
Freedom Finance Global Директорлар кеңесінің төрағасы Сергей Лукьянов AIX листингі компания клиенттері мен Қазақстандағы жеке инвестолар үшін жаңа мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Біздің акцияларымызды АХҚО-ның AIX биржасында листингке қосу — бұл біздің компания үшін өте маңызды қадам. Біздің стратегиямыз Қазақстанның инвестициялық әлеуетін дамытуға және арттыруға бағытталған. AIX листинг...